#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Павлодарда ҚТЖ бөлімше басшысы ұсталды

Павлодарда "ҚТЖ" ҰК" АҚ бөлімше басшысы ұсталды.

Павлодарда «ҚТЖ» ҰК» АҚ бөлімше басшысы ұсталды. Қаржы мониторингі агенттігінің мәліметінше, бөлімше басшысы жұмыстағы қамқорлығы үшін жүйелі түрде заңсыз сыйақы алып отырды деген күдікке ілінді, — деп хабарлайды ADYM.KZ  Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. 

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бөлімше басшысын Павлодар облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті қызметкерлері ұстады.

«Сондай-ақ, ол орынбасарымен бірге төрт жыл бойы 100-ден аса қызметкерінен сегіз мыңнан 10 мың теңгеге дейін заңсыз ақша алып отырғаны анықталды. Тергеу жүріп жатыр. Өзге ақпарат 201-бапқа сәйкес жария етілмейді», — делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін Нұр-Сұлтан қаласы бойынша көліктік бақылау инспекциясының қызметкері жүк көліктері жүргізушілерінің пара бергенін видеоға түсіріп алған еді.

Соңғы жаңалықтар