#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Самара-Шымкент тасжолында көлік апатынан бір адам қаза тапты

Самара-Шымкент тасжолының 307-ші шақырымында жол-көлік оқиғасы болды.

Самара-Шымкент тасжолының 307-ші шақырымында жол-көлік оқиғасы болды. Жеңіл автокөлік жүргізушісі Оралға бет алған жүк көлігімен соқтығысты, — деп хабарлайды ADYM.KZ Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Полиция департаменті өкілдері апат 16 ақпанда сағат 18 шамасында болғанын атап өтті. Ваз-21102 жеңіл автокөлігінің 25 жастағы жүргізушісі оқиға болған жерде көз жұмды.

«Оқиға болған жерге апат себебін анықтау үшін жедел-тергеу тобы барды. КамАЗады Қызылорда облысының 38 жастағы тұрғыны басқарған», — деді БҚО ПД ресми өкілі Болатбек Белгібеков.

 

ТЖД өкілі апат орнына жедел-құтқару жасағының қызметкерлері келгенін атап өтті.

«Жеңіл көлік жүргізушісі салонда жалғыз болған. Оның денесін арнайы құралдардың көмегімен алуға тура келді», — деді құтқарушылар.

Қазір аталған факт бойынша ҚР ҚК 345-бабы1-бөлігі «Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы» бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Соңғы жаңалықтар