#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Түркістандық депутат: «Жол картасында өзекті мәселелер қамтылған

Бүгін Түркістанда «Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі Жол картасын талқыланды.


Бүгін Түркістанда «Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі Жол картасын талқыланды. Жиынға облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев, нұротандық фракция мүшелері және басқарма басшылары қатысты. Мәжіліске қатысқан Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Алмас Салимов 5 жылға арналған Жол картасының маңызды екенін айтты.

«Әрбір істі қолға аларда нақты жоспар мен жүйе қажет. Түркістан облысы бойынша «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыруға арналған жол картасы терең талдаудан өтті. Танысып шықтық. Барлық сала қамтылған. Қазіргі пандемия кезеңінде денсаулық сақтау саласын дамыту, білім саласына қолдауды күшейту маңызды болып тұр. Сонымен бірге жұмыс орындарының ашылуына күш салуымыз керек. Жол картасында осы мәселелер толыққанды қамтылған. Мәселен, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту бойынша нақты жоспарлар бар. Алдағы 5 жылда өңірде 152 жаңа кәсіпорын ашылады немесе кеңейтіледі. Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 148754-тен 348094-ке дейін артады. Яғни, 134 пайызға көбейеді. Бұл дегеніңіз – жаңа жұмыс орындары.

Түркістан облысына мемлекет тарапынан үлкен қолдау көрсетіліп жатыр. Партиямыздың сайлауалды бағдарламасында, Жол картасында осы жәйт та ескерілді. Біз жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, бюджеттің таза әрі мақсатты жұмсалуын қадағалаймыз. Жұмыс адалдықпен атқарылса ғана өнімді болады. Сондықтан барша әріптестерімді осы жол картасының сапалы орындалуына атсалысуға шақырамын!», – дейді депутат А.Салимов.

«Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі

Соңғы жаңалықтар