СҚО-да биылғы жылдың басынан бері алғаш рет заңсыз аң аулау фактісі тіркелді, деп хабарлайды ADYM.KZ Egemen.kz басылымына сілтеме жасап.
Жануардың қалған мүшелері, «Рысь» қарда жүргіші, 12 калибрлі «ИЖ-43Е» және«ТОЗ-87» аңшы мылтықтары, оқ-дәрілер, басқа да құрал-жабдықтар алынды. Күдіктімен бірге тағы екі ауыл тұрғыны болған. Қазіргі уақытта болған оқиғаның мән-жайын толық және объективті анықтауға бағытталған сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
Жыл басынан облыста балық аулау қағидаларының 37 бұзушылығы және аң аулаудың 122 бұзушылығы анықталды. Табиғи ресурстарды браконьерлік жолмен табуға қарсы іс-қимыл жасау– полиция жұмысындағы маңызды бағыттардың бірі.
Солтүстік Қазақстан облысы