#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Алматы әуежайында Qazaq Air ұшағының шассиі жарылды

Алматы әуежайында Qazaq Air ұшағының шассиі жарылды.

Алматы әуежайында Qazaq Air ұшағының шассиі жарылды, — деп хабарлайды ADYM.KZ Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Ақпарат бойынша, IQ-353 борты 6:30-да Нұр-Сұлтаннан ұшып, Алматыға 8:12-де қонған.

«Біз Нұр-Сұлтанда 6:30-да ұшаққа отырдық. Ұшақ Алматыға келіп, жолақпен қозғалып бара жатқанда жылдамдықты әдеттегідей төмендете бастады. Бірақ бір сәтте ол қайта жылдамдық алды, содан кейін қатты жарылыс болды. Оң жағындағы дөңгелек жарылды. Ұшақ темірмен жүрді. Біз қазір тірегіш сынып, бәріміз осында өлеміз деп ойладық.

Балалар, әйелдер жылай бастады. Тоқтағаннан кейін ұшақта 30 минуттай отырдық, түтін шықты. Резеңке жанған соң шығар. Өрт сөндіру көлігі келді, бізді автобусқа отырғызып алып кетті, бәрін үйге жіберді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ», — деді рейс жолаушыларының бірі, ол есімін атағысы келмеді.

Жолаушының айтуынша, осыған ұқсас жағдай Qazaq Air компаниясының ұшағымен де болған, ол 12 ақпанда Нұр-Сұлтаннан Шымкентке ұшуы тиіс еді. Әуе кемесі ұша бастағанда шассиі жарылған.

«Qazaq Air компаниясының ұшағымен де солай болды. Ол ұша бастағанда дөңгелегі жарылған. Бұл туралы сол күні Шымкентке ұша алмай қалғандар айтты. Борт бұрылып, шұғыл қонған. Қалай қонғанын білмеймін. Жолаушылардың барлығы шошып жүрді. Оларға тамақ пен су да, тұратын үй де берілмеді. Айқай-шу болды, біреудің қысымы көтеріліп, жедел жәрдем келді. Түні бойы әуежайда отырған», — дейді ер адам.

Соңғы жаңалықтар