#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз — синоптиктер

Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады.

Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады. Кей жерлерде жаңбыр мен қар жауады, тұман, көктайғақ, бұрқасын болады, жел күшейеді, — деп хабарлайды ADYM.KZ Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Синоптиктер 6 ақпанда еліміздің оңтүстік-шығысында ғана ауа райы жауын-шашынсыз болатынын мәлімдеді.

Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады, түнде кей жерлерде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін күшейеді, күндіз басым бөлігінде екпіні секундына 23-28 метрге дейін жетеді.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі, жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді, күндіз Жарма ауданында екпіні секундына 23-28 метрге дейін жетуі мүмкін.

Атырау облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман, көктайғақ болады, желдің жылдамдығы 15-20, күндіз екпіні секундына 17-22 метрге дейін күшейеді.

Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады, күндіз жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді, Қостанай және Батыс Қазақстан облыстарында бұршақ жаууы мүмкін.

Павлодар және Қызылорда облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады, күндіз жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.

Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, күндіз желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.

Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын болады, жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.

Жамбыл және Түркістан облыстарының кей жерлерінде тұман, күндіз жел секундына 15-23 метрге дейін күшейеді.

Алматы облысының кей жерлерінде түнде тұман түседі.

Соңғы жаңалықтар