#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Түзеу мекемесіне жеткізілген торттан телефон табылды

Нұр-Сұлтан қаласы Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті ЕЦ-166/10 мекемесінің тексеру тобы мекемеге тыйым салынған затты өткізу дерегінің жолын кесті.

Нұр-Сұлтан қаласы Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті ЕЦ-166/10 мекемесінің тексеру тобы мекемеге тыйым салынған затты өткізу дерегінің жолын кесті, – деп хабарлайды ADYM.KZ Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Аталған мекемеде жазасын өтеп жатқан сотталған азаматтың туысқаны әкелген сәлем-сауқаттың, атап айтқанда торттың ішіне жасырылған ұялы телефон табылып, тәркіленді. Бастапқыда бүтін секілді көрінген кондитерлік өнім арнайы құрылғы- металлодетектормен тексеру барысында сыр берді.

Торт сыйлық жеткізілген сотталған азаматтың көз алдында туралып, оның ішінен тыйым салынған зат – су жаңа ұялы телефон алынды. Бұл факт бойынша сотталғанды және “тәтті сыйлықты” жеткізген азаматты жауапкершілікке тарту үшін тиісті тексерулер жүргізілетін болады.

Соңғы жаңалықтар