Премьер-лигада өнер көрсететін шымкенттік «Ордабасы» командасына бас бапкер болып Александр Седнев тағайындалды. «Ордабасының» бас бапкерін бүгін командаға клуб президенті Бақтияр Байсейтов таныстырып, клубтың алдағы мақсаттарын түсіндірді.
«Ордабасы» футбол клубы мәлім еткендей, 47 жастағы беларусь маманы бұған дейін «Белшина», «Динамо» (Минск), «Днепр» (Могилев) және қазақстандық «Ақтөбені» жаттықтырған. Өткен маусымда А.Седнев Беларусь жоғары лигасында ойнайтын Брестің «Рух» командасына бапкерлік етті.
2012 жылдан бері УЕФА-ның «Pro» дәрежесіне ие.
Сонымен қатар қазақстандық маман Андрей Ферапонтов А.Седневтің бапкерлік құрамына кірді. Ол 2017 жылы «Ордабасы» бас бапкерінің көмекшісі болған. 44 жастағы маман сондай-ақ «Қайрат», «Оқжетпес», «Ақтөбе» командаларында, Қазақстан ұлттық және жастар құрамаларында жұмыс істеді. Өткен жылы «Рухта» А.Седневтің көмекшісі болды.