#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Әскери қақтығыс салдарынан Қазақстанда құстың 150 түрі жойылып кетуі мүмкін

Таяу Шығыстағы әскери қақтығыс салдарынан Қазақстанда жыл құстарының 150 түрі жойылып кетуі мүмкін.

Таяу Шығыстағы әскери қақтығыс салдарынан Қазақстанда жыл құстарының 150 түрі жойылып кетуі мүмкін, — деп хабарлайды ADYM.KZ  Аstana.tv-ға сілтеме жасап.

Жыл құстары Сирия арқылы ұшады. Зерттеушілер әскери қақтығыс кезінде олардың қырылатынын хабарлады. Сондықтан Қазақстанда бұрын құстардың көп түрі кездессе, қазір торғайдың өзі сирек кездеседі.

«Бозторғай жоқ болып кетті, тіпті дауысын да естімейсіз. Тек Жидебай ауданында, Зайсан қазаншұңқырының өзінде бозторғайдың 11 түрі болатын. Қазір ол жақ тып-тыныш», — деді орнитолог ғалым Борис Щербаков.

Құстарға мейрамхана бизнесі де қауіп төндіріп тұр. Еуропалық дәмханалардың ас мәзіріне жаңа тағам — дичь қосылған. Шетелдік гурмандар шымшық пен бұлбұлдан жиіркенбейді. Сондықтан мейрамхана иелері жыл құстарын аулауға дайын тұрады.

«Көптеген түрін ұстайды. Майамиде мейрамханалар мен асханалар үшін 20 миллион ұсақ құс ауланған. Осыдан шамамен 5 күн бұрын Еуропа арқылы бұлбұл, торғайлардың бәрі мейрамханаларға «бара жатқанын» көрсетті, аулайды. 200-500 құс ұшып бара жатса, Африкаға бар болғаны 20-30 құс жетеді», — деді Щербаков.

Соңғы жаңалықтар