#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

ҚР Президенті: Мәжілістің жаңа құрамы халықтың әл-ауқатын жақсартуға баса көңіл бөлуі тиіс

Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысының алдында фракциялардың жетекшілерімен кездесті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысының алдында фракциялардың жетекшілерімен кездесті, деп хабарлайды ADYM.KZ Egemen.kz  сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан Президенті Конституцияда бекітілген тәртіпке сәйкес Премьер-Министрдің лауазымына ұсынылатын кандидатураны депутаттық фракция жетекшілерімен ақылдасты.

Мемлекет басшысы Парламент Мәжілісінің отырысында еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуын қорытындылап, атқарушы билік тармағының пандемия салдарынан болған жаһандық дағдарыс жағдайындағы іс-әрекетіне баға берді.

– Үкімет дағдарысқа қарсы жоспарды тиімді жүзеге асырды. Соның арқасында жұмыссыздықтың көбеюіне, халық табысының жаппай төмендеуіне жол берілмеді. Бұл шаралар тиімді болды, деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Соңғы жаңалықтар