Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев үкімет мемлекеттік бағдарламаларды ұлттық жобаға айналдыруы керегін айтты, — деп хабарлайды ADYM.KZ Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
«Менің үкіміме сәйкес, үкімет алғашқы жартыжылдық соңына дейін мембағдарламаларды ұлттық жобаға айналдыруы керек. Осы жұмыс шеңберінде бағдарламалық құжаттарға Nur Otan-ның сайлауалды платформасында көрсетілген бастамаларды енгізу қажет», — деді Президент.