Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев қарамағандағы қызметкерлердің жемқорлық қылмысына байланысты отставкаға кетуі керек 14 шенеунік туралы айтты, — деп хабарлайды ADYM.KZ Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
«Жауапкерлігі бойынша мониторингте тұрған 14-і, заң талабына сәйкес, егер олар саяси қызметшілер болса, басшылары отставкаға кету керек. Міндетті түрде. Ал Мемлекет басшысы отставканы қыбалдай ма, жоқ па, өзі шешеді», — деді Шпекбаев Нұр-Сұлтанда «Астана — адалдық алаңы» жобасы аясында өткен журналистермен кездесуде.
2020 жылдың қазанында Антикор қызметі қарамағандағы қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық қылмысқа байланысты тоғыз саяси қызметшінің отставкаға кеткені, түрлі деңгейдегі 34 басшының тәртіптік жауапкершілікке тартылғаны туралы хабарланған еді. Тағы 14 саяси қызметші отставкаға кетуі мүмкін.