#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Ермахан Ибраимов пен Жансая Әбдімәлік Алматы мәслихаты депутаты болды

Nur Otan партиясынан Алматы мәслихатына депутаттар тізімі бекітілді. Олардың арасында бокстан Олимпиада чемпионы Ермахан Ибраимов пен белгілі шахматшы Жансая Әбдімәлік бар.

Nur Otan партиясынан Алматы мәслихатына депутаттар тізімі бекітілді. Олардың арасында бокстан Олимпиада чемпионы Ермахан Ибраимов пен белгілі шахматшы Жансая Әбдімәлік бар, — деп хабарлайды ADYM.KZ Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Nur Otan атынан Алматы мәслихатына депутаттар тізімінде 29 адам бар.

Ұсынылған тізімде әйелдердің үлесі — 31 пайыз, жастардың үлесі — 24 пайыз болды. Орташа жас — 43 жас, құрамы 5 жылға жасарды.

Nur Otan атынан Алматы мәслихатына депутаттар тізімі:

1. Ақанова Әсия Айқанқызы — Алмалы ауданының белсенді ұзақ өмір сүру орталығының және «Күміс ғасыр» ҚҚ директоры.
2. Авершин Константин Викторович – «Мен-алматылықпын» НҚ көшбасшысы.
3. Әбдімәлік Жансая Даниярқызы — қазақстандық шахматшы, халықаралық спорт шебері және әйелдер арасындағы гроссмейстер.
4. Әділханов Мұрат Әділханұлы — «Көктем групп ЛТД» басқарма Төрағасы.
5. Байтасов Арманжан Мерекеұлы — Tanmedia Group директорлар кеңесінің төрағасы.
6. Бекенова Гүлжан Мырзалықызы — «№169 мектеп-лицейі» КММ директоры.
7. Білісбеков Асқар Ерғалиұлы — «Алматы» ӘКК» АҚ басқарма Төрағасы.
8. Бөлекбаева Райхан Чантқызы — Д.Қонаев атындағы колледж директоры.
9. Грачев Михаил Владимирович — «ДСУ-13» АҚ директоры.
10. Есматов Серік Аманжолұлы — параолимпиялық спортшы, волейболдан ҚР жастар құрамасының экс-капитаны.
11. Жүдебаев Арман Әділханұлы — Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры.
12. Зулеев Мұхтар Махамбетұлы — «Good food KZ» ЖШС директоры.
13. Ибрагимова Ләззат Еркенқызы  — «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ басқарма төрайымы.
14. Ибраимов Ермахан Сағиұлы — бокстан Олимпиада чемпионы, «Бокстан олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК директоры.
15. Канкуров Станислав Владимирович — Nur Otan Алматы МФ төрағасының бірінші орынбасары.
16. Қасымов Ерболат Болатұлы – «Айсұлтан»холдинг компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы.
17. Көбеева Алтынай Орманқалиқызы — Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің хатшысы, «ақпараттық-ресурстық орталық» ҚҚ директоры.
18. Кодасбаев Алмат Тұрысбекұлы — ШЖҚ «Қалалық кардиологиялық орталық» МКК бас дәрігері, «100 жаңа есім» жобасының жеңімпазы.
19. Құдайберген Қайрат Құдайбергенұлы — Q3 Worldwide инвестициялық холдингінің директоры.
20. Құрманбек Әсел — «Green Works» ЖШС құрылтайшысы.
21. Нәбиев Әміржан Әміржанұлы — «Атрикс-Строй» ЖШС директоры.
22. Садықов Болат Нұрмырзаұлы — №5 «қалалық клиникалық аурухана» МКК бас дәрігері.
23. Сәрсенбай Қали Қошқарұлы — «Алматы ақшамы» газетінің бас редакторы.
24. Талбидинов Есенгелді Закирханұлы — «Жол-Транссервис-2006» бас директоры.
25. Тау Нұрымбек — Daco motors KZ директоры.
26. Өмірбаева Зәуреш Әбілғожанқызы – Алматы қаласы «Кәсіподақ орталығы «Аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрайымы.
27. Финогенов Максим Владимирович — DWS group компаниясының директоры.
28. Шардинов Шухрат Ахметжанұлы — «АЗМК» бас директоры.
29. Шимашева Рахат Сейдахметқызы — Алматы қаласы әлеуметтік әл-ауқат басқармасының басшысы.

Соңғы жаңалықтар