Шығыс Қазақстан облысында сайлау комиссияларының мүшелері карантинге жіберілді, — деп хабарлайды ADYM.KZ Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Облыстың бас санитар дәрігері Хамит Илюбаев қаулыға қол қойды, онда сайлау комиссияларының мүшелері 72 сағат мерзімге карантинге жіберілетіні, содан кейін олардың міндетті түрде ПТР-тестілеуден өтуі керегі айтылады.
«Оң нәтиже болған жағдайда жұмыстан шеттетілуі мүмкін; COVID-19 коронавирус инфекциясын жоққа шығармайтын белгілер болған кезде — емделеді; теріс нәтиже болған кезде өз лауазымдық міндеттерін атқаруды жалғастырады», — делінген қаулыда.