#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Келестегі үміткер ақ халатты абзал жандармен кездесті

Келес аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Туржанова Камила Қуандыққызы медицина қызметкерлерімен кездесті.

Келес аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Туржанова Камила Қуандыққызы медицина қызметкерлерімен кездесті. Кездесу барысында партиялықтар «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасының басты 7 басым​ бағыттары жайлы, атап айтқанда ​ Білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік салада сапалы қызметтерге қол жеткізе отырып, аудан тұрғындарының өмір сүру жағдайын арттыруға күш саламыз, Медициналық қызмет көрсету сапасы мен қолжетімділікті арттырамыз аудан көлеміндегі медицина мекемелерінде «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасын толыққанды іске асыруға;2022 жылы Абай және Ақтөбе ауылдық округтерінен 5 дәріхана пункттерін ашуға;​ ​жыл сайын 240 медициналық қызметкердің біліктілігін арттыруға;дәрігерлердің 11 мамандық бойынша тапшылығын шешуге;2025 жылға қарай 100 медицина қызметкерлерін, оның ішінде 55 білікті дәрігерді тартуды жоспарлауға;аудандық бюджет қаражаты есебінен жыл сайын 100 АЕК көлемінде ауылдық жерге келген 100 дәрігерлерге көтерме ақы төлеуге; 2025 жылға дейін Абай ауылы, Қошқарата, Бозсу, Көкбұлақ, Ошақты, Біртілек, Ақжол, Аманат, Сарыжылға, Оразата, Мақташы елді мекендеріндегі медициналық мекемелерге күрделі жөндеу жүргізіп, 8 елді мекендердегі медициналық мекемелердің қазандығын ауыстыруға;​ ​ ​ 8 ауылдық округтегі медициналық пункттер үшін 8 жедел жәрдем машиналарын сатып алуға ықпал жасайтындығы жайлы түсіндірді. Үміткер медицина қызметкерлерінің ұсыныс-пікірлерін тыңдады. Бағдарламаның халық үшін тиімді, экономика мен өңірлердің орнықты дамуы үшін барлық мүмкіндігі бар әл-ауқатты қоғамды бірге құруға бағытталғанын айтып, сайлауда «Nur Otan» партиясын қолдап, дауыс беруге шақырды.

Соңғы жаңалықтар