#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Үміткерлер «Туған жерге тағзым» тақырыбында жастармен кездесті

Үміткерлер жастарды алдағы сайлауда ​ белсінділік танытуға,​ және “Nur Otan” партиясына дауыс беруге шақырды.

«Nur Otan» партиясынан аудандық мәслихат ​ депутаттығына жас ​ үміткерлер ретінде тіркелген Мырзабаев Ғалымжан мен Бектаев Ернар ​ Ақтөбе ауылдық округі жастарымен «Туған жерге тағзым» тақырыбында ​ кездесіп, ​ Келес ауданы бойынша «Nur Otan» партиясының 2025 жылға дейін ​ «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасының 7 басым бағытын атап айтқанда: тұрақты экономикалық даму және халықтың өмір сүру деңгейін арттыру болып табылатындығын, жастар үшін ең маңызды «Оңтүстік АИО» ЖШС, «Ырыс МҚҰ» ЖШС,«АШҚҚҚ» АҚ-ның ТО филиалы, Аграрлық несие корпорациясы және шағын несие ұйымдары арқылы 1500 жобаны несиелендіруге; жыл сайын «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы аясында бизнесін жаңадан бастау үшін 10 азаматқа грант ұсынуға; «Еңбек» бағдарламасы бойынша жыл сайын 250-ден аса азаматтардың гранттар (100) мен шағын несиелер (150) алуына; «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша ауылшаруашылық өнімдерін өндіру және қайта өңдеу бойынша 80 жобаны (кәсібін кеңейтуге, қызмет көрсету саласына) жүзеге асыруға; мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде «Еңбек», «Бизнес Кеңесші» курсымен жыл сайын 120-дан аса азаматтарды өз кәсібін ашуға оқытуға ықпал жасайтындығын насихаттады. ​ Келес ауданының «Jas Otan» Жастар Қанатының белсенділері мен еріктілері кандидаттқа қолдау білдіріп, сайлаушыларға партияның сайлау қорының қаржысына дайындалған үгіт-насихат материалдарын үлестірді. Үміткерлер жастарды алдағы сайлауда ​ белсінділік танытуға,​ және “Nur Otan” партиясына дауыс беруге шақырды.

Соңғы жаңалықтар