#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Үгіт-насихат жұмыстары жалғасуда

Келес аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Қуанышбаев Марат Есбергенұлы Қошқарата ауылдық округінде ​ сайлаушылармен үйме-үй жүріп кездесті.

Келес аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Қуанышбаев Марат Есбергенұлы Қошқарата ауылдық округінде ​ сайлаушылармен үйме-үй жүріп кездесті. Кездесу барысында үміткер «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасының басты 7 басым бағыты жайлы атап айтқанда: Мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде «Еңбек», «Бизнес Кеңесші» курсымен жыл сайын 120-дан аса азаматтарды өз кәсібін ашуға оқытуға; Ирригациялық ағын су жүйелерін қалпына келтіру және ауыл шаруашылығы техникаларын 60%-ға жаңартуға; Асыл тұқымды уақ малдың санын 8 мың басқа дейін, асыл тұқымды мүйізді ірі қара мал санын 1300 басқа дейін арттыруға; «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша ауылшаруашылық өнімдерін өндіру және қайта өңдеу бойынша 80 жобаны (кәсібін кеңейтуге, қызмет көрсету саласына) жүзеге асыруға; 2025 жылға дейін жеке инвестициялардың есебінен 230 жаңа жұмыс орнын құрайтын 6 өңдеу кәсіпорындарын ашуға Абай және Қошқарата ауылдық округінен 1 қабатты 4 отбасы тұруға арналған тұрғын үйлердің құрылысына; Аудандағы 15 полигондарды экологиялық талаптарға сәйкестендіруге; 2022 жылы
Қошқарата ауылдық округінің 9 елді мекеннің: Алғабас, Аманжар, Байтерек, Бесаулы, Жамбыл-1, Жамбыл-2, Жаңақоныс, Қарабура, Мақташы «Абай» АГРС құрылыс-монтаж жұмыстарының құрылысын салуға;
2025 жылға дейін Абай ауылы, Қошқарата, Бозсу, Көкбұлақ, Ошақты, Біртілек, Ақжол, Аманат, Сарыжылға, Оразата, Мақташы елді мекендеріндегі медициналық мекемелерге күрделі жөндеу жүргізіп, 8 елді мекендердегі медициналық мекемелердің қазандығын ауыстыруға «Nur Otan» партиясынықпал жасайтындығын түсіндірді. Ауыл ақсақалдарының​ батасын алып, Бағдарламаның халық үшін тиімді, экономика мен өңірлердің орнықты дамуы үшін барлық мүмкіндігі бар әл-ауқатты қоғамды бірге құруға бағытталғанын айтып, сайлауда «Nur Otan» партиясын қолдап, дауыс беруге шақырды.

Соңғы жаңалықтар