Дүниежүзілік бокс кеңесі (WBC) 2020 жылдың қорытындысы бойынша үздік боксшыларды анықтауға дауыс беруді бастады. Үміткерлердің ішінде қазақстандық екі боксшы бар, — деп хабарлайды ADYM.KZ Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Спорт порталының мәліметінше, үміткерлердің қатарына кәсіпқой боксшылар — 22 жастағы Бек Нұрмағанбет және 20 жастағы Евгений Павлов кірді. Олар «Жыл проспекті» аталымында бақ сынайды. Сондай-ақ бұл аталымда жеңіс үшін Себастьян Фундора, Дэвид Пикассо, Элвис Родригес және Габриэль кіші-Флорес үміткерлер тізімінде.