АҚШ Иранға қатысты ядролық келісімді орындап, оған қарсы енгізілген барлық санкцияны алып тастауы керек. ҚХР СІМ ресми өкілі Хуа Чуньин осындай мәлімдеме жасады, — деп хабарлайды ADYM.KZ РИА Новости сайтына сілтеме жасап.
«Қазіргі басты міндет – АҚШ-тың Иранның ядролық бағдарламасы туралы келісімін тез арада орындауына, сондай-ақ барлық тиісті санкцияны алып тастауына, қалпына келтіруіне және келісімге оралуға жағдай жасауына ықпал ету», — деді Хуа Чуньин.
Ол қазіргі уақытта Иранның ядролық проблемасына қатысты жағдай өте күрделі екенін айтты.
«Қытай тарапы барлық тарапты сабырлық сақтауға, жағдайдың ушығуына әкеп соқтыруы мүмкін іс-әрекеттерден аулақ болуға шақырады», — деді Қытай СІМ өкілі.