Шымкент қаласының 2018-2020 жылдарға арналған даму бағдарламасы аяқталып, шаһарда бірқатар жетістіктерге қол жеткізілді. Негізгі стратегиялық құжаты болып саналатын бағдарламаның мақсаты – қала экономикасын қарқынды дамытып, тұрғындарға қолайлы жағдай жасау, деп хабарлайды ADYM.KZ Egemen.kz басылымына сілтеме жасап.
Ауыл шаруашылығы саласында 2018-2020 жылдары 8,3 млрд теңгеге 21 жоба іске асып, 453 жұмыс орны ашылды. Жылыжайлар көлемі 9,2 гектардан 20,9 гектарға дейін ұлғайып, қарқынды бау аумағы 195 гектарға жеткізілді. Мемлекет тарапынан 6,5 млрд теңгеге 583 шаруашылыққа қолдау жасалды. Осы мерзімде 307 млн АҚШ долларына ауыл шаруашылығы өнімдері экспортталды.
Қала экономикасына 3 жылда 1 трлн теңгеден астам инвестиция тартылды. Оның ішінде 80 пайызы – жеке қаражат есебіндегі инвестициялар, мемлекеттік бюджетке жүктеме азайып отыр. Сауда саласында нысандар саны 2018 жылмен салыстырғанда 2058 бірлікке көбейіп, қазір 4321 сауда нысаны жұмыс істейді.
Қаладағы 8 базар жаңғыртудан өтті. Мемлекет тарапынан 3 жылда 21,8 млрд.теңге көлемінде шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне қолдау көрсетілді.