Түркістан облысында желтоқсанның 31-нен қаңтардың 1-не қараған түні 59 сәби дүние есігін ашты. Жаңа жылмен тұспа-тұс дүниеге келгендердің 38-і ұл, 21-і қыз бала. Бүгінде барлық аналар мен нәрестелердің жағдайы дәрігерлер бақылауында. Түркістан қаласында орналасқан №3 Облыстық перинаталдық орталығында бес ұл дүниеге келген.Түркістан облысы елімізде туу мен табиғи өсім көрсеткіштері бойынша көш бастап тұр.