#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

ҚТЖ филиалының бұрынғы басшысы сотталды

"Қазақстан темір жолы "ҰК" АҚ "Павлодар электрмен жабдықтау дистанциясы" филиалының бұрынғы директоры Р.О. Ибраев сотталды.

«Қазақстан темір жолы «ҰК» АҚ «Павлодар электрмен жабдықтау дистанциясы» филиалының бұрынғы директоры Р.О. Ибраев сотталды, — деп хабарлайды ADYM.KZ  Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

ҚТЖ филиалының бұрынғы басшысы жемқорлық жасағаны үшін жазаланды.

Дереккөз мәліметінше, ҚТЖ филиалының бұрынғы басшысы Ибраев 2020 жылдың маусым-тамыз айларында пайдакүнем мақсатта ведомствоға қарасты бөлімшелердің басшыларынан 6,5 мың литр дизель отынын алған. Оның құны 1,2 миллион теңгеге бағаланады екен. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің мәліметінше, ол бұл қаражатты қолма-қол ақшаға айналдырып, өз қажетіне жұмсаған.

«28 желтоқсанда Ибраев Қазақстан Қылмыстық кодексінің 361-бабы бойынша лауазымдық өкілеттігін асыра пайдаланғаны үшін кінәлі деп танылды. Оған 1000 АЕК (2,778 миллион теңге) көлемінде айыппұл салынды», — делінген хабарламада

Соңғы жаңалықтар