Бүгін, аудандық маслихат депутаттығына үміткерлер, Жаңабазар ауыл округіне қарасты, табиғаты ерекше, 100 ден аса отбасы тұратын Тілектес елді мекенінде болып қайтты.Ауылдағы сайлаушылармен кездесу барысында, партия бағдарламасын ауыл тұрғындарының өмірін жақсарту мәселелері
— Республика бойынша 3,5 мыңнан астам ауылды абаттандырып, әр ауылға апаратын 27 мың шақырым жолдарды жөндеу
— Әрбір қазақстандық ауылды ауызсумен қамту
— 900 мыңға жуық қазақстандықтың үйіне табиғи газ тарту
— Халықтың 99 пайызын жоғары жылдамдықты интернетке қол жеткізуін қамтамасыз ету жөнінде кеңінен айтылды.
Сонымен қатар, сайлаушылар тарапынан, Тілектес елді мекеніне қатысты өзекті деген, ауызсу және ішкі жолдарды ретке келтіру, ұялы байланысты жақсарту мәселелері көтерілді. Ұсыныс-тілектер тыңдалып, үміткерлер тарапынан жауаптар берілді.
Кездесу соңында, сайлаушыларды алдағы сайлауда, «Nur Otan» партиясын қолдап, дауыс беруге шақырды.
«Nur Otan» партиясы Қазығұрт аудандық филиалының баспасөз қызметі
Редакция таңдауы
Өзгерістер жолы. «Әр азаматқа лайықты өмір!» Ауылдың әл-ауқатын арттырамыз!
Бүгін, аудандық маслихат депутаттығына үміткерлер, Жаңабазар ауыл округіне қарасты, табиғаты ерекше, 100 ден аса отбасы тұратын Тілектес елді мекенінде болып қайтты.