#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Үміткерлер шалғайдағы ағайынмен кездесті

Аудан орталығынан 80 шақырымға жуық шалғайда орналасқан Амангелді елді мекеніндегі сайлаушылармен кезедсу өтті.


Кездесуге партиялық тізім бойынша аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Б.Смайлов, М.Тайсалов, Д.Кубеев, Ғ.Көпжасаров, Ғ.Сапаралиев қатысты.
Партияның сайлауалды бағдарламасы аясында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.

Бағдарламаның екінші «Жайлы аудан» бағытына кеңінен тоқталып, «Nur Otan» партиясы аудан тұрғындарының өмір сүру сапасын жан-жақты арттыруды қолдап, осы бағытта «Ауыл – ел бесігі» және «Құтты мекен» жобаларын іске асыру жалғасатынын, нәтижесінде аудан тұрғындары таза ауыз суға, сапалы жолдарға, әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым нысандарына қол жеткізетінін айтып өтті.

Газбен қамтамасыз етеміз ету бойынша да кеңінен тоқталып, газдандыру жобасына байланысты Қазығұрт ауданы бойынша 12283 тұрғын үй табиғи газды пайдаланып отырғандығын жеткізді.

Ауданды газбен қамтамасыз ету бойынша, жұмыстар жалғасын тауып, Бұл үшін «Nur Otan» партиясы:
— 2025 жылға дейін жергілікті бюджеттен 411,9 млн. теңге қаржы бөлініп, Қақпақ, Сырлысай, Заңғар, Талдыбұлақ, Майлыошақ, Бақабұлақ, Шанақ, Ақжар, Ескі Шанақ, Станция Шанақ, Ызабұлақ, Еңбекші, Амангелді және Қызылдала елді мекендеріндегі 16 мектепті газдандыруға ықпал ететіндігін, нәтижесінде газбен қамтамасыз етілген елді мекендер үлесін 95,3%-ға жеткізу жоспарланып отырғандығын айтып өтті.

Сонымен қатар, сайлаушылар тарапынан, Амангелді елді мекенінде кезек күттірмейтін ең өзекті 2 мәселе көтерілді.
600-дей адам тұратын елді мекендегі кезек күттірмейтін ауыз су мәселесін толығымен әрі жылдам түрде шешу және қыр мен төбені жағалап жүрген студент жастар мен ауыл тұрғындарына өте қажетті сервис, ұялы байланыс мәселесін шешу қажеттігі туралы мәселелер айтылды.
Үміткерлер, ұсыныс-тілектерді жинақтап аудандық штабқа жеткізіп, ары-қарай тиісті жұмыстарды атқарылатындығын түсіндірді.

«Nur Otan» партиясы Түркістан облысы Қазығұрт ауданының Сайлау қорының қаражатынан төленді

Соңғы жаңалықтар