#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Мадияр Әшкеев америкалық Чарльз Конуэллден жеңіліп, титулынан айырылды

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Мадияр Әшкеев америкалық Чарльз Конуэллден жеңіліп, титулынан айырылды.

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Мадияр Әшкеев америкалық Чарльз Конуэллден жеңіліп, титулынан айырылды, — деп хабарлайды ADYM.KZ  Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Он раундқа жоспарланған кездесу тоғызыншы раундттан соң тоқтатылды.

Бокс кеші Лос-Анджелес қаласындағы Wild Card Boxing аренасында өтті. Әшкеев пен Конуэлл арасындағы кездесу кештің басты айқасы болды. Онда бірінші орта салмақтағы USNBC және USBA титулдары сарапқа салынды. Біріншісі — қазақстандықтікі болған, екіншісі — оның қарсыласына тиесілі.

32 жастағы Әшкеев кәсіпқой бокстағы 15-ші кездесуінде алғаш рет жеңіліс тапты. Ол қалған 14 жекпе-жегінің барлығында жеңіске жеткен еді. 7 кездесуде қарсыластарын нокаутқа түсірген. Ал жеңіліп көрмеген 23 жастағы Конуэлл бүгін 14-ші кездесуін өткізді. Ол он жекпе-жегін нокаутпен аяқтаған.

Еске салайық, бұған дейін салмақ өлшеу рәсімі өткен еді. Екі боксшының да салмағы 69,9 болды.

Соңғы жаңалықтар