#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Вакцина 2021 жылы коронавирусты тоқтата алмайды — ғалымдар

Ғалымдардың пікірінше, адамдарға вакцина салу көп уақытты алады.

Австралиядағы Денсаулық сақтау және медицина ғылымдары академиясы (AAHMS) вакцина 2021 жылы коронавирус пандемиясын жеңе алмайды деп санайды, — деп хабарлайды ADYM.KZ Tengrinews.kz  сайтына сілтеме жасап.

Ғалымдардың пікірінше, адамдарға вакцина салу көп уақытты алады. Сондықтан COVID-19 вирусын жұқтырудың алдын алу үшін басқа шараларды қабылдау керек.

Жарияланған есепте коронавирус инфекциясының одан әрі таралуына жол бермес үшін қандай іс-қимыл жүргізу керегі баяндалған. COVID-19-ға қарсы вакциналар 90 пайыз тиімділікті көрсеткенімен, оларды өндіру, тасымалдау және қолдану көп күш пен шығынды қажет етеді, ал халықтың басым бөлігіне екпе келесі жылдың соңына дейін салынуы мүмкін.

Сондықтан ғалымдар барлық шараны қатаң сақтауға кеңес береді. Оған жалпы тестілеу, өзін-өзі оқшаулау, карантин, арақашықтықты сақтау, маска тағу, вакцина алу кіреді.

Соңғы жаңалықтар