#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Павлодарда дүкен өртеніп, 70 адам эвакуацияланды

Павлодарда көтерме-бөлшек сауда дүкенінде өрт шықты.

Павлодарда көтерме-бөлшек сауда дүкенінде өрт шықты, — деп хабарлайды ADYM.KZ Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. 

«13 желтоқсанда сағат 13.30-да 101 пультіне Павлодар қаласының «Ласточка» көтерме-бөлшек сауда дүкенінде, бес қабатты тұрғын үйге жапсарлас бір қабатты ғимаратта өрт шыққаны туралы хабарлама түсті. Өртсөндірушілер келген бойда азық-түлік бөлімінің бутиктері, поликарбонаттан жасалған пластик шатыры жанып жатқаны анықталды.

Өртсөндірушілер баспалдақ маршы бойынша 70 адамды, оның ішінде 17 баланы эвакуациялады», — деді ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли.

Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі мен келтірілген залал анықталып жатыр.

Өрт көлемі 350 шаршы метр. Тілсіз жау сағат 14.46-да ауыздықталып, 15.06-да сөндірілді.

Оқиға болған жерге ТЖ департаментінің, Полиция департаментінің және Апаттар медицинасы орталығы филиалының күштері мен құралдары, 42 адам және 13 дана техника шықты.

Соңғы жаңалықтар