#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

«ADAL» партиясының 16 өкілі Мәжілістегі орындарға үміткер болады

"ADAL" саяси партиясы Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясына Парламент Мәжілісінің депутаттығына кандидаттарды ұсыну туралы құжаттарды тапсырды.

«ADAL» саяси партиясы Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясына Парламент Мәжілісінің депутаттығына кандидаттарды ұсыну туралы құжаттарды тапсырды, деп хабарлайды ADYM.KZ  Egemen.kz. басылымына сілтеме жасап.

27 қарашада Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының «ҚР Сайлау туралы» Конституциялық Заңының 87 және 89-баптарына сәйкес «ADAL» ҚБ саяси партиясы Парламент Мәжілісі депутаттарының сайлауына кандидаттарды ұсыну туралы құжаттарын тапсырды. Үміткерлердің қорытынды тізіміне партияның 16 өкілі кірді:
  • Олжас Ордабаев — «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы төрағасының орынбасары, білім беру саласының сарапшысы;
  • Мақсат Толықбай – белгілі тележурналист, «Ашық алаң» тележобасының жүргізушісі, Maltabu.kz сайтының авторы;
  • Алмазбек Садырбаев –«Шопан Ата» Қазақстан қой өсірушілері қауымдастығының төрағасы;
  • Дәулет Мұқаев – тележурналист, қоғам белсендісі;
  • Лаура Маликова – «Тәжірибелі экологтар қауымдастығының» төрағасы;
  • Жигули Дайрабаев — «Қазақстан фермерлер одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің президенті»;
  • Ардақ Назаров – белгілі спортшы, қоғам белсендісі;
  • Ақмарал Бекмұрзаева – бизнес-тренер, кәсіпкер;
  • Игорь Шацкий –кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі сарапшы;
  • Нұрлыбек Малелов – қаржыгер, мемлекет қайраткері;
  • Ғалымбек Жақсылықов – қоғам қайраткері, Қызылорда облысының белсенді тұрғыны;
  • Алина Асқарқызы – бизнес-білім беру саласын басқару жөніндегі маман, сарапшы;
  • Лаззат Шыңғысбаева — «Менің Атамекенім» әлеуметтік қорының төрағасы;
  • Ғани Абадан – партияның Алматы қалалық филиалының төрағасы;
  • Серік Сұлтанғали — «ADAL» партиясының төрағасы;
  • Эльдар Жұмағазиев – мемлекет және қоғам қайраткері, бірқатар білім және әлеуметтік жобалардың авторы, экономист, саясаттанушы;

Айта кетейік, «Қазақстан Республикасындағы Сайлау туралы» және «Саяси партиялар туралы» Заңдарға сәйкес партиялық тізімде әйелдер мен жастардың 30% квоталық үлесі сақталған.

Орталық сайлау комиссиясы партиядан тізім түскеннен кейін кандидаттардың Конституциямен және «Қазақстан Республикасындағы Сайлау туралы» Конституциялық заңмен қойылатын талаптарға сәйкестігі анықталатынын хабарлады.

Сондай-ақ облыстық аумақтық сайлау комиссияларына «ADAL» партиясының аймақтық филиалдарынан құжаттар түсе бастағанын хабарлаймыз. Қазіргі уақытта комиссияға Ақтөбе облыстық мәслихатының депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімдер бойынша құжаттары берілді. Жақын арада қажетті құжаттар басқа өңірлік сайлау комиссияларына тапсырылатын болады.

Естеріңізге сала кетейік, 19 қараша күні Нұр-Сұлтан қаласында «ADAL» саяси партиясының VII съезі өтті. Іс-шара барысында сайлауалды бағдарламаның жобасы ұсынылып, партияның сайты таныстырылды.

Соңғы жаңалықтар