20 жастағы Асият Исембаева «Алматы аруы-2020» байқауының жеңімпазы атанды, — деп хабарлайды ADYM.KZ Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Енді Исембаева және үш вице-мисс 2021 жылы өтетін «Қазақстан аруы» ұлттық байқауының финалында Алматы атынан өнер көрсетеді.
Айта кетейік, жеңімпаздарды марапаттау рәсімі Көк-төбеде көрермендердің қатысуынсыз өтті. Қазылар алқасының мүшелері арасында «Алматы аруы — 2020» байқауының директоры Совет Сейітов, әнші Айжан Нұрмағамбетова, «Алматы аруы — 2019» байқауының директоры Диана Әбішева және байқау демеушілерінің өкілдері болды.