Шымкент қаласында бокстан ерлер және әйелдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтуде. Шаршы алаңның мықтылары 22-29 қараша аралығында былғары қолғапта күш сынасады.
Қалалық көркем гимнастика мектебі спорт кешенінде ұйымдастырылған додада еліміздің ең үздік былғары қолғап шеберлері бақ сынайды. Оның ішінде Олимпиада ойындарына жолдама иеленген боксшылар да бар.
Жарысқа Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Түркістан, Қызылорда, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Алматы, Қостанай, Қарағанды, Атырау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Маңғыстау облыстарының, еліміздің барлық аймағының үздік спортшылары қатысуда.
Санитарлық мекеме өкілдерімен бірге жаттығу өтетін залдар, қонақүйлер, жекпе-жек өтетін орындарланып, барлық санитарлық-эпидемиологиялық нормалар сақталып отыр. Айта кетейік, жарыс көрермендерсіз өтуде.