Қарағанды облысында көмір тиелген сегіз вагон рельстен шығып кетті, — деп хабарлайды ADYM.KZ Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
«2 қараша сағат 06.00-де Қарағанды облысының Бұқар Жырау ауданындағы Ботақара станциясының теміржол аралығының 27-шақырымында көмір тиелген сегіз вагонның, оның ішінде екі вагонның доңғалақ жұптары рельстен шығып кетті», — деді ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли.
Төтенше жағдай салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ. Қалпына келтіру жұмыстарын «Кузнецкий «разрезі» ЖШС жүргізіп жатыр.