Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі СҚО әкімі аппаратының қызметкері 900 мың теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінгенін мәлімдеді, — деп хабарлайды ADYM.KZ Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдерінің мәліметінше, басқармалардың бірінің басшысының міндетін атқарушыға қатысты соталды тергеу басталды.