Әзербайжан Қорғаныс министрлігі Таулы Қарабақтағы майдан шебінде атыс жалғасып жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды ADYM.KZ baq.kz сайтына сілтеме жасап.
Министрліктің мәліметінде сондай-ақ, Армения қарулы күштерінің Физулинск, Жебраил және Губадлин бағытындағы позициясына Әзербайжан әскері де соққы бергені айтылған. Нәтижесінде бірнеше қорғаныс орыны қиратылып, маңызды территориялар мен биіктік азат етілген.
Әзербайжан қорғаныс министрлігі қазір Армения қарулы күштерінде қару-жарақ, әскери техника мен азық-түлік жетіспеушілігі байқалғанын атап өткен. Ведомства таратқан мәліметте, Армения қарулы күштерінде бақылау жоғалғаны айтылады.
Таулы Қарабаққа Арменияның Тавуш және Сисиан ауданынан келген әскерилер соғысқа қатысудан бастартып, өз позицияларын тастап кеткені белгілі болды, — делінген хабарламада.