#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Кинотеатрлар 20 миллиард теңге жоғалтты — министр

Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова Қазақстандағы кинотеатрлардың ашылуы жөніндегі талқылаулар туралы айтты.

Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова Қазақстандағы кинотеатрлардың ашылуы жөніндегі талқылаулар туралы айтты, — деп хабарлайды ADYM.KZ  Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. 

«Өздеріңізге белгілі, пандемия басталғалы барлық мәдени орынның жұмысы тоқтатылды. Шектеу шаралары мен іс-шараларды жеңілдету туралы шешім ведомствоаралық комиссия отырысында қабылданады. Ағымдағы және болжам бойынша жағдайды ескере отырып, хаттамалық шешім шығарылады. Біз өзіміз «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы, кино саласының қызметкерлері, жалға алушылар, сондай-ақ кинотеатр саласының мамандарымен тағы да бірнеше кездесу өткіздік. Нәтижесінде кинотеатрлар мен басқа да спорт нысандары преференциялар мен салық жеңілдіктері түрінде ұсынылған қолдау шараларына қосылды», — деді Райымқұлова ОКҚ брифингінде.

Оның айтуынша, кинотеатрлардың жұмыс істеуіне қайтадан рұқсат етілген елдерде адамдар жаппай жинала бастайды деген оймен қайтадан қатаң шектеулер енгізілген.

«Шыны керек, кинотеатрлардың жұмысын жалғастыру алгоритмін қарадық, олар жұмысын қауіпсіздік шарасын сақтай отырып қайтадан бастауға дайын болды. Осыған жауапты жергілікті билік органдары олардың жұмысын бастауға дайын екенін жеткізді. Бірақ, өкінішке қарай, эпиджағдайдың деңгейі. Елдің бас санитар дәрігері мен ДСМ кинотеатрлардың ашылуына әлі ерте деп санайды. Біз эпиджағдай түзеліп, кинотеатрлар ашылады деп сенеміз.

Біздің мәліметтер бойынша, бүгінде кинотеатрлар 20 миллиард теңгедей шығынға ұшыраған. Өкінішке қарай, осындай сандар», — дейді министр.

Соңғы жаңалықтар