Әзербайжан билігі Арменияның әскери-саяси басшылығы террорды мемлекеттік саясат ретінде қолданып отырғанын айтып, халықаралық қауымдастық Арменияның адамгершілікке жатпайтын әрекеттеріне көз жұмбауы керектігін айтты, деп хабарлайды ADYM.KZ baq.kz сайтына сілтеме жасап.
2020 жылғы 17 қазанға қараған түні, шамамен сағат 01: 00-де Армения қарулы күштері Әзербайжанның Гянжа қаласына баллистикалық зымырандармен шабуылдады. Бұл Арменияның Әзербайжанға қарсы жаңа агрессиясын бастағаннан кейін Әзербайжанның майдан шебінен алыс орналасқан екінші ірі қаласына жасалған және бейбіт тұрғындардың ауыр шығынына әкелген жан түршігерлік үшінші шабуылы. Кәмелетке толмаған 2, барлығы 12 бейбіт тұрғын қаза тапты, 40-тан астам адам жарақат алды. Арменияның бейбіт тұрғындарға қасақана және ешкімді ажыратпай жасаған шабуылдары халықаралық құқық нормалары мен қағидаларын, оның ішінде халықаралық гуманитарлық құқықты, сондай-ақ жарияланған гуманитарлық мақсатта атысты тоқтату ережелерін өрескел бұзып, бейбіт тұрғындарды қасақана өлтіруі де әскери қылмыс және адамзатқа қарсы жасалған қылмыс болып табылады. Бұл қылмыстың жауапкершілігі толығымен Армения басшылығының мойнында, – деп мәлімдеді.
Сондай-ақ, Арменияның тоқтаусыз агрессиясын, бейбіт тұрғындарға жасалған қатыгез шабуылдарын тоқтату керек. Халықаралық қауымдастық Арменияның Әзербайжан халқына қарсы адамгершілікке жатпайтын әрекеттеріне көз жұмбауы керек екендігін айтты.
Біз Арменияның Әзербайжанның бейбіт тұрғындарына жасаған жауыздық шабуылдарын қатаң түрде айыптаймыз. Агрессияшыл мемлекетті әскери қылмыстарын тоқтатуға шақырамыз. Арменияның әскери-саяси басшылығы террорды мемлекеттік саясат ретінде қолдана отырып, бейбіт тұрғындарға ракеталық шабуыл жасау туралы бұйрық беруге жауапты. Әзербайжан Республикасы осы қылмысты жасағандардың ұлттық және халықаралық құқық механизмдері негізінде жауапқа тартылатындығын мәлімдейді, – делінген.