#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Атырауда МКД экс-басшысы 10 жылға сотталды

Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің бұрынғы басшысы 10 жылға бас бостандығынан айырылды.

Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің бұрынғы басшысы 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол ақша бопсалады деп айыпталды, — деп хабарлайды ADYM.KZ Tengrinews.kz сайтына сілтеме жаспа.

Атырау қаласы № 2 сотының баспасөз қызметінің мәліметінше, үкім 13 қазанда шығарылған.

«Сот сотталушының лауазымды тұлға бола отырып, тәртіптік сипаттағы шараларды қабылдамағаны үшін қоластындағылардан бопсалау арқылы 3 000 доллар пара алғанын анықтады. Қабылданған антты бұзу ауырлататын жағдай деп танылды.

Жасалған сыбайлас жемқорлық қылмыстың ауырлығы мен сипатын, сондай-ақ сотталушының жасаған ісіне өкінбегенін ескере отырып, сот бас бостандығынан айыруды тағайындауды әділ шешім деп тапты», — делінген хабарламада.

Сотталушы өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айырылды

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Соңғы жаңалықтар