#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Қырғызстанда бүлікшілер қазақстандық компанияларды басып алмақ болды

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Қырғыз Республикасындағы қазақстандық кәсіпорындардың жағдайы туралы мәлімдеме жариялады.

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Қырғыз Республикасындағы қазақстандық кәсіпорындардың жағдайы туралы мәлімдеме жариялады, — деп хабарлайды ADYM.KZ Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

«Қырғыз Республикасындағы қазақстандық инвесторларға тиесілі бірқатар кәсіпорындарға шабуылдар мен оларды басып алу әрекеттеріне байланысты зор алаңдаушылық білдіреміз», — делінген хабарламада.

Сондай-ақ, кәсіпорындардың Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын қызметкерлеріне күш жұмсау және осы кәсіпорындардың мүлкін жою туралы қауіп-қатер көрсету фактілері ерекше алаңдататыны айтылады.

«Қазақстандық компаниялар соңғы жылдары Қырғызстан экономикасына 1 миллиард АҚШ долларынан астам инвестиция құйып, көрші елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосты. Қырғыз тарапын Қазақстан азаматтарының да, Қырғызстан аумағындағы қазақстандық компаниялардың да қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша дереу шаралар қабылдауға шақырамыз», — делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар