#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Шымкент әуежайы бойынша сауда-саттық өтпей қалды

Сауда-саттық 8 қазанда сағат 10.00-де өтуі керек еді.

Шымкент әуежайы бойынша сауда-саттық өтпей қалды. Шарт бойынша, әуежай сенім басқаруға беріледі және сатып алу құқығы болады, — деп хабарлайды ADYM.KZ Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Өткізілген жоқ (сауда-саттық басталған сәттен бері тізілім веб-порталында тендерге (конкурсқа) екіден кем қатысушыдан өтінім қабылданды) — делінген e-auction.gosreestr.kz сайтындағы сауда мәртебесінің сипаттамасында.

Яғни, бір ғана өтінім түскені белгілі болды.

Сауда-саттық 8 қазанда сағат 10.00-де өтуі керек еді.

Еске салайық, Шымкент әуежайы сатылымға шығарылды.

Мұндай мәлімет электронды сауда алаңының сайтында пайда болды. Бастапқы баға 5,2 миллиард теңге сомасында белгіленген.

Байқау шарты бойынша жеңімпазға кем дегенде алты миллиард теңге инвестиция салып, қарызды өтеу қажет болады. Объектінің инфрақұрылымын азаматтық авиация саласындағы қазіргі заманғы стандарттарға келтіру қажет екені айтылады. Жолаушылар терминалын қайта құру, арнайы техника мен жабдықтарды жаңарту және жаңғырту. Сайтта басқа да бірқатар шарт бар.

Соңғы жаңалықтар