#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Шымкент: Жедел басқару орталығына бір тәулікте 1200-ге жуық қоңырау шалынады

Жедел басқару орталығының басты міндеттерінің бірі – қала аумағы бойынша келіп түскен ақпараттарды талдау және өңдеу болып табылады.


Жедел басқару орталығының басты міндеттерінің бірі – қала аумағы бойынша келіп түскен ақпараттарды талдау және өңдеу болып табылады. Яғни полицияның кешенді күштері, учаскелік полиция инспекторларының және кезекші тергеу топтары жұмыстарын тәулік бойы үйлестіреді. Сонымен қатар «102» сымтетігіне келіп түскен ақпарттарды қабылдап, оларды электронды түрде тіркеп отырады. Орта есеппен Жедел басқару ортылығына тәулігіне 1000-1200 қоңырау шалынса, жыл басынан бері 102 арнасына әр түрлі сипаттағы қоңыраулар саны 286 мыңнан асқан. Шымкент қаласы Полиция департаментінің Жедел басқару орталығына қарасты бейнекамералардың көмегімен ағымдағы жылдың 9 айында 219 қылмыс ашылған. Оның ішінде тонау-7, бұзақылық-22, автокөлікті заңсыз иемдену-6, ұрлық-84 және т.б. Сондай-ақ нөлдік төзімділік қағидасы және әкімшілік құқық бұзушылық бойынша 32 мыңнан аса жайт анықталған. Атап айтсақ қоғамдық орында қоқыс қалдығын тастау- 673, қоғамдық орында мас халде жүру -936 және жол ережесін бұзудың — 24987 фактісі бейнекамералар көмегімен анықталған.

Соңғы жаңалықтар