Шымкентте жаңадан қосылған тұрғын алаптарда тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде бірқатар жұмыстар атқарылуда. Еңбекші ауданында көшеде қауіпсіздікті сақтау, жол ережелерінің бұзылуын болдырмау мақсатында жаяу жүргіншілер жолағы сызылды.
Бұл жұмыстар демеушілердің есебінен жүргізілгенін айта кеткен жөн. Жеке кәсіпкер Ділмұрат Ризаев Тұрдабад тұрғын алабы Е. Исраилов, Н. Ризаев көшелерінің қиылысына өз қаражаты есебінен жаяу жүргіншілер жолағын сызып берді. Сондай-ақ, бұл жұмыстар Базарқақпа тұрғын алабындағы Ю.Сареми, Е.Юсупов көшелерінің қиылысында да жүргізілді. Ендігі кезекте тұрғындар көше бойында жол ережелерін сақтап, өз қауіпсіздігіне жауапты екенін ұмытпауы тиіс.