#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Праймериз: Түркістанда дәрігерлер мен ұстаздардың белсенділігі жоғары

Елімізде «Nur Otan» партиясының праймеризіне үміткерлер арасында жәребе тарту рәсімдері басталды. Қазіргі таңда Түркістан облысының 16 аудан-қала филиалдарында бұл шара қызу жүргізілуде. Үміткерлер өзара пікір-сайысқа түсетін қарсыластарын анықтап, дайындықтарын бастап кетті. Кандидаттардың арасында мұғалімдер мен дәрігерлердің де үлес салмағы аз емес. Бұл Түркістан облысы тұрғындарының саяси белсенділігінің жоғары екенін көрсетіп отыр. Бүгін осы және өзге де жағымды жаңалықтар жөнінде әлеуметтік желіде онлайн — қабылдау өткізген «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бейсен Тәжібаев мәлім етті.
Түркістан облысында праймеризге үміткерлерді тіркеу кезеңі жоғары деңгейде өткізілді. Нәтижесінде жалпы 1144 үміткер тіркелген. Оның ішінде әйелдер саны 388-ге жетіп отыр. Олардың басым көпшілігі мұғалімдер мен дәрігерлер. Атап айтсақ, үміткерлердің 108-і білім беру, 42-сі медицина саласынан қатысқалы отыр. Осы жайттарға кеңінен тоқталған филиал төрағасының бірінші орынбасары әлеуметтік желі қолданушылары тарапынан қойылған сұраттарға жан-жақты жауап берді.
«Алдағы 7 қыркүйектен бастап облыс бойынша үміткерлер арасында дебаттар мен кездесулер ұйымдастырылады. Осы мақсатта біз дауыс беруге арналған 209 орын әзірледік. Дайындығымыз әзірге жаман емес. Дауыс беру форматы бойынша электрондық бюллетень арқылы онлайн форматта 170 орында, дәстүрлі қағаз бюллетенімен 39 орында өткізіледі», — деді Бейсен Дәулетұлы.
Жалпы Түркістан облысында партияның 80 мыңнан астам мүшесі бар. Солардың бәрінің телефон нөмірі мен электронды почталары анықталған. Дауыс беруге қатысатын 80 720 партия мүшесінің 69926-сы онлайн, 10794-сы қағаз бюллетенмен дауыс беретін болады.

Соңғы жаңалықтар