#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

88 Кентаулық үміткер праймеризге қатысады

Бүгін Кентау қаласында праймеризге қатысушылар арасында жеребе тартылды.

Бүгін Кентау қаласында праймеризге қатысушылар арасында жеребе тартылды. Яғни, 88 кентаулық азамат өзара пікір-сайыс өткізетін қарсыластарын анықтады. Партияішілік іс-шараға «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бейсен Тәжібаев, Кентау қаласының әкімі, партияның қалалық филиалының төрағасы Дәурен Мақажанов арнайы қатысып, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Жалпы облысымызда өтетін праймеризге 1144 азамат өтініш білдірсе, соның 106-сы Түркістан қаласынан, 104-і Сарыағаш ауданынан, 93-і Қазығұрт ауданынан, ал төртінші орында 88 үміткермен Кентау қаласы тұр. 88 кандидаттың 71-і қалалық маслихатқа, 16-сы облыстық маслихатқа, 1-еуі Парламент мәжілісіне үміткер ретінде тіркеуден өткен. Ендігі мақсат – праймериздің кезеңдерінен сүрінбей өтіп, партиялық резервке ену.

«Облысымызда өткелі отырған праймеризге тіркелген 1144 кандидаттың ішінде 212 адам бастауыш партия ұйымдарынан, 932-сі өзін-өзі ұсынып отыр. Соның ішінде 28 кандидат мәжіліс депутаттығына, 156-сы облыстық мәслихатқа, 960-сы аудандық, қалалық мәслихат депутаттығына үміткер ретінде тіркелген. Бұл құрылғанына енді ғана екі жыл толған Түркістан облысы үшін үлкен көрсеткіш. Сондықтан үміткерлер праймериздің барлық талап-шарттарын сақтай отырып, әділ де, шынайы, ашық түрде өтуіне атсалысуы қажет» деді Бейсен Дәулетұлы.

Айта кетейік, Түркістан облысында мәжіліс депутаттығына және облыс, аудан мәслихатына бір орынға орта есеппен 4 адамнан тіркелген. Бұлардың арасында праймеризден өткен 2 кандидат негізгі үміткер болып сайлауға қатыса алдады. Қазіргі таңда облыс бойынша дауыс беруге және дебаттарды өткізуге арналған 209 орын белгіленген.

Соңғы жаңалықтар