#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Шымкентте 2 мыңға жуық адам «Жастар практикасы» бағдарламасымен жұмысқа тартылған

Әлеуметтік жұмыс орындарына 283 азамат орналасқан.

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің тапсырмасына сәйкес, биыл «Жастар практикасы» бағдарламасымен 3042 адамды жұмыспен қамту жоспарланған, деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі.
Жыл басынан бері 1976 азаматқа жұмыс орындарына жолдама берілген. Яғни, бүгінге дейін жоспардың 65 пайызы орындалған. Жастар практикасы бойынша жұмыс істейтін мамандарға техникалық, медицина және педагогика салаларында сұраныс жоғары болып отыр.
Мұнан өзге қаланың 4 403 тұрғыны ақылы қоғамдық жұмысқа тартылған. Жыл соңына дейін 6 мыңға жуық адамды қоғамдық жұмысқа тарту көзделіп отыр.
Сондай-ақ, әлеуметтік жұмыс орындарына 283 азамат орналасқан. Бұл тұрғыда жылдық жоспар артығымен орындалғанын айта кеткен жөн.

Соңғы жаңалықтар