2020 жылдың қаңтар-маусым айында қалада жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 71,0 мың бірлікті құрады. Бұл көрсеткіш 2019 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда
8,1 пайызға артты (2019ж. маусым – 65 687 бірлік).
ШОК жұмыспен қамтылғандар саны 153,1 мың адамды немесе 2019 жылдың тиісті кезеңіне 110,6 пайызды құрады.
Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері 2020 жылдың қаңтар-наурыз айларында 169,2 млрд. теңгенің өнімін шығарып, төтенше жағдайға байланысты 2019 жылдың сәйкес кезеңіне 95,9 пайызды құрады.
«Бизнес жол картасы 2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында есепті кезеңге 181 жобаға қолдау көрсетілді. Оның ішінде:
- Екінші деңгейлі банктердің пайыздық мөлшерлемесін субсидиялау бойынша 716,2 млн.теңгеге 157 жоба;
- Екінші деңгейлі банктердің несиелерін ішінара кепілдендіру бойынша 325,2 млн.теңгеге 24 жоба;
- 41 жоба бойынша жаңа бизнес идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік гранттар шілде айында ұсыну жоспарлануда.
«Қарапайым заттар экономикасы» аясында қала бойынша
80,3 млрд.теңге құрайтын 92 кәсіпорыннан өтінімдер қабылданып, оның 35 кәсіпорыны 7,1 млрд.теңгеге қаржыландырылды. 6,3 млрд.теңгені құрайтын 19 кәсіпорын өнеркәсіп бағытында. Оның ішінде Елорда күні мерекесі қарсаңында 2,5 млрд.теңгені құрайтын 4 кәсіпорын іске қосылды. 140 жаңа жұмыс орындары ашылды. Атап айтқанда:
— «NURTAU distributioncompany» кондитерлік фабрикасы. 35 адам жұмыспен қамтылып, 1 138 млн.теңге инвестиция тартылған. Жылына
2 995 мың тонна кондитерлік өнімдерді шығаруға мүмкіндігі бар.
— «Prof-Aks» ЖШС шкаф құрылымдары мен төбелік профильдер өндірісі. Инвестиция көлемі 320 млн.теңге, 35 жұмыс орны құрылған. Жылына 300 дана шкаф құрылымдары мен 30 млн.погон метр төбелік профильдер өндіреді.
— «New Technology Ltd» ЖШС дизельді генераторлар өндірісі зауыты. Жобаға 300 млн.теңге инвестиция тартылып, 30 жаңа жұмыс орны ашылды. Жылына 300 дана дизельді генератор шығарады.
— «Qagaz Ordasy» ЖШС жазу қағаз бұйымдарының өндірісі. 20 адам жұмыспен қамтылып, инвестиция көлемі 801,6 млн.теңгені құрады. Жылына 3 млн. А4 пішімдегі және 360 мың А3 пішімдегі қағаз шығаруға мүмкіндік береді.