#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Тоқаев Үндістан халқына көңіл айтты

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістан премьер-министрі Нарендра Модиге әуе апатына байланысты көңіл айтты.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістан премьер-министрі Нарендра Модиге әуе апатына байланысты көңіл айтты, — деп хабарлайды ADYM.KZ Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

«Үндістанның үкіметіне, халқына және премьер-министрі Нарендра Модиге Керала штатында болған ұшақ апатынан көптеген адамның қаза болуына байланысты шын жүректен көңіл айтамын», — деп жазды Президент өзінің Twitter-дегі парақшасында (ағылшын тілінен аударма).

Еске салайық, 7 шілдеде Үндістанда Air India әуе компаниясының Express Boeing 737 лоу-костері Керала штатындағы Кожикоде әуежайына апатты жағдайда қонды. Үндістан билігінің мәліметінше, жаңбыр кезінде қонған лайнер көлбеу құлағаннан кейін екіге бөлінген. Соңғы деректер бойынша, 20 адам қаза тапқан, 140-тан астам адам жарақат алды.

Соңғы жаңалықтар