Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой қазақстандықтарды қоғамдық орындарда қорғаныш маскаларын тағуды міндеттейтін бұйрыққа қол қойды, — деп хабарлайды ADIM.KZ Тengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Норма «Денсаулық сақтау министрлігі мен Ұлттық экономика министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» бұйрыққа енді.
- COVID-19 жұқтыру қаупі жоғары адамдар тобын анықтау;
- Қорғаныш құралдары мен антисептик қолдануға, соның ішінде, ашық жерлерде де (көшеде, үйден тыс жерде) маска тағу;
- Байланыссыз термометрияны қолдану;
- Адамдардың әлеуметтік қашықтықты сақтауы;
- Нысандардың ауасын тазартып тұру;
- Стационарлардың жұмысы;
- Бас мемлекеттік санитар дәрігерлер қабылдаған санитарлық ереже мен талаптардың қатаң сақталуы;
- Денсаулық сақтау мекемелерінде COVID-19-дан бөлек ауру расталған науқастарға орын бөлу;
- Денсаулық сақтау мекемелерінде COVID-19 жұқтырған науқастармен байланыста болмауы үшін орын бөлу», — делінген бұйрықта.