#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Инвестиция тарту Қарнақта қарқынды жүргізілмек

Кентау қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен өткен баспасөз конференциясында қалаға қарасты 2000 жылдық тарихы бар Қарнақ аулының әкімі Тальат Мадмусаев баяндады.

Кентау қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен өткен баспасөз конференциясында қалаға қарасты 2000 жылдық тарихы бар Қарнақ аулының әкімі Тальат Мадмусаев баяндады. Қарнақ ауылында 15020 адам тұрады. Тұрғын үй саны 3172. Ауыл тұрғындарына 102 орта және шағын кәсіпкерлік субъекті қызмет жасайды.

Қарнақ ауылы аумағында жалпы жер көлемі 41277 га, оның ішінде: 2500 га суармалы, 3991 га тыңайған, 576 га шабындық, 34560 га жайылым. Осы жерлер бүгінгі күнде 292 агроқұрылымдардың пайдалануына берілген. Оның ішінде 4 өндірістік кооператив, 4 ауылшаруашылық өндірістік кооперативі 5 ЖШС, 183 шаруа қожалықтарды құрайды.

Түркістан облысы орталығының Түркістан қаласына көшірілуіне байланысты, облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, облыс орталығын азық-түлікпен қамту мақсатында 2019-2021 жылдары Қарнақ ауылында «Қарнақ» агроаймағын құру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Агроаймаққа жалпы 2780,0 млн. теңге көлемінде «Яссы-Несие» несие серіктестігі ЖШС арқылы инвестиция тартылмақ.

Ауыл көшелеріне жалпы 116 шақырым, оның ішінде 59,2 шақырымына асфальт төселген. 2020 жылы төмендегі аталған көшелерде жөндеу жұмыстары жүргізіліп, жаяу жүргіншілер үшін аяқ жолдар салу және көшелерді жарықтандыруға қаржы бөлініп отыр дейді ауыл әкімі.

Ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуы жайында баяндаған ауыл әкімі БАҚ өкілдері тарапынан қойылған сауалдарға жауап беріп, алдағы жоспарлармен бөлісті.

 

Соңғы жаңалықтар