#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Мақтаарал ауданындағы жаңа мөлтек ауданда салынып жатқан 31 үйдің құрылысы толық аяқталды

Оның 25-і үкімет резервінен, 6-ы «Нұр Отан» партиясының «Біз біргеміз» қоры есебінен бой көтерген.

Бүгінде Мақтаарал ауданындағы жаңа мөлтек ауданда салынып жатқан 31 үйдің құрылысы толық аяқталды. Оның 25-і үкімет резервінен, 6-ы «Нұр Отан» партиясының «Біз біргеміз» қоры есебінен бой көтерген. Тамыз айының бірінші күнінде мұнда 100 үйдің құрылысы толық аяқталады деп күтілуде. Құрылысты межеленген күнде бітіру мақсатында қазіргі таңда шағын ауданда 209 үйдің шатыры жабылып, 166 үйдің ішкі-сыртқы әрлеу жұмыстары жүргізілуде. Бүгін бұл туралы Мақтаарал аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы Бижан Анарбеков.

Жаңа мөлтек ауданда құрылыс жұмыстары қызу жүріп жатыр. Тіпті осындағы 1359 құрылысшы екі яғни, түнгі және күндізгі ауысымда жұмыс істеуде. Түнгі жұмысты жандандыру үшін көше бойларына арнайы жарық та беріліпті.

«Мөлтек ауданда жеке тұрғын үй құрылысынан бөлек, 1200 орындық мектеп пен 280 орындық балабақшаның да қазандық шұңқырларын қазу жұмыстары да жүргізілуде. Қазіргі таңа екі нысанда 20-ға тарта ауыр техника жұмыс істеуде. Бұдан бөлек, мөлтек ауданды инфрақұрылыммен қамтамасыз ету ісі де біргелікті жүзеге асырылуда. Атап айтсақ, ауыз су тарты, газ желісін орнату, кәріз жүйесін, жол салу , асфальт төсеу жұмыстары да жүргізілуде», — дейді Бижан Анарбеков.

Жаңа мөлек ауданда алдағы бір айдың көлемінде жаңа кейіпке енбек. Ол үшін шағын ауданды қақ жарып өтетін республикалық маңызы бар жолдың екі бетінен ені 40, ұзындығы 60 метрді құрайтын демалыс аллеясы салынуда. Сондай-ақ, мөлек ауданның кіреберісіндегі канал бойынан да тұрғындар демалатын шағын саябақ жасалуда. Бұдан бөлек, 25 төсек орынды дәрігерлік амбулатория мен трек пункіті екі айда пайдалануға берілмек.

Соңғы жаңалықтар