#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Түркістандық таксопарктар дәрігерлерді науқасқа тегін жеткізе бастады

Түркістан облысы, Келес ауданының такси қызметкерлері пандемияға байланысты игілікті істі бастады.

Түркістан облысы, Келес ауданының такси қызметкерлері пандемияға байланысты игілікті істі бастады. Кәсіпкерлер сырқаттанушылар санының күрт көбеюіне байланысты науқастарды тегін тасымалдауда.

Бүгінгі таңда жедел жәрдем көлігінің жетіспеушілігінен дәрігерлерді науқастарға жеткізерде қиындықтар туындауда. Аталған мәселені ескерген аудан әкімдігі жергілікті таксопарк өкілдеріне үндеу жасаған болатын. Компаниялардың арасында «Регион такси» серіктестігінің Келес аудандық өкілдері аудандық ауруханаға көмектесу ниетін жеткізген.

Аталған компания 20-дан астам көлігін жедел жәрдемге көмектесу үшін волонтер ретінде босатқан. Аталған таксопарктің диспетчерінің байланыс номері аудандық аурухана өкілдеріне берілген. Аурухана қызметкерлері тұрғындар тарапынан қоңырау түскен сәтте-ақ жедел жәрдем көлігі бос болмаса аталған таксопарк көлігін шақырта алады. Такси жүргізушілері дәрігерді науқастардың үйіне жеткізіп, тегін қызмет көрсетіп жүр.

 

Соңғы жаңалықтар