#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Шымкент: №11 қалалық емхана тұрғындарды күндізгі стационарда емдеу шарасын қолға алды

№11 Қалалық емханасына қарасты 4 елді мекен бар. Тұрғындарға ыңғайлы болу үшін қазір Қазығұрт орталығында 6 төсек орын , Сауле шағын ауданынан 4, Ақжардан 3, Ақтастан 2 орындық стационар ашылды.

№11 Қалалық емханасына қарасты 4 елді мекен бар. Тұрғындарға ыңғайлы болу үшін қазір Қазығұрт орталығында 6 төсек орын , Сауле шағын ауданынан 4, Ақжардан 3, Ақтастан 2 орындық стационар ашылды. Барлығы -15 төсектік күндізгі стационар жұмыс істеуде.

Эпидемиологиялық жағдайға байланысты жоспарлы ауруханаға жататын аурулар және кеңестер уақытша тоқтатылып, дәрігерлер пневмония және ЖРВИ мен ауырғандарға ем-дом шараларын жүргізуде.

Қосымша мобильді топ құрылды. Олардың құрамында хирург, терапевт, травматолог, неврапотолог,ЖТД, педиатр және медбикелер бар.

Үш автокөлік және жеке қорғаныс құралдарымен қамтылған мамандар уйге шақырту және актив жасалған науқастарға медициналық көмек көрсетеді.

Сонымен қатар, Қазығұрт шағын ауданы аумағындағы №86 мектепте 300 орынға арналған провизорлық стационар ашылды. Қазіргі таңда 25 науқас ем қабылдауда.

Соңғы жаңалықтар